Еуропадағы заманауи жол төсемдері енді Атырауға да төселмек

szeu8w198wmwpzkn9ij lggnjls1jj6d Жаңалықтар

Atr.kz/30 маусым, 2020 жыл. Технологиясы таңдай қақтырған Еуропа шаһарларындағы көру қабілеті нашар адамдарға арналған заманауи жол төсемі енді мұнайлы астана көшелеріне де төселмек.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышовтың сөзіне сүйенсек, биыл алаңдар қайта жөнделеді. Атап айтқанда, Смағұлов, Құрманғазы және Салтанат Мұқашев атындағы алаңдарда 1500 шаршы метр аумаққа тактильді жолақтары бар бетонды жолдар төселмек. Құрылыспен айналысатын мердігер мекемелер – «Нұр Бер 2006» және «Pelorus group». Құрылыс қанша мерзімге созылады және құны қандай болады, бұл туралы қосымша хабарланады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз