Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда 137 мыңнан астам масканы заңсыз сатқандар ұсталды

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. Атырауда 137 500 масканы заңсыз сатқан екі адам ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Атырау қаласында медициналық масканы рұқсат құжатынсыз сатып жүрген екі ер адам анықталған.

«Полиция қызметкерлері 10 шілдеде жедел іздестіру шарасы кезінде «Лесхоз» ықшамауданында екі адамды қолға түсірді. Олар осындағы ғимараттың бірінде медициналық масканы лицензиясыз әрі қымбат бағаға сатқан. Ұсталғандардан 137 500 медициналық маска тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысының екі тұрғыны үйлерін дәріханаға айналдырғанын хабарлаған болатынбыз.

«ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button