Студенттер жаңа белеске жолдама алды 

b187b938 84c6 4a28 8a38 bbc81d8deb97 Жаңалықтар

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  университетінде I курс студенттеріне арналған «Jana Beles» салтанатты шарасы өтті.

189ab52e 9f72 4943 9a0f 17776bd99004

 Жаңа оқу жылында дәстүрлі түрде өтетін «Студенттер қатарына қабылдау» шарасында 6 факультеттің студенттері белсенді қатысты. 

32865e4a b1fb 456e bc0a c45a6b2f848b

Биыл университетке 2754 түлек оқуға түсіп, студент атанып отыр. Олардың ішінде бакалавриат жүйесі бойынша 2569 студент білім алуда, 792 түлек грантпен оқуға түсті. Сонымен қатар, биыл Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау,  Жамбыл, Ақтөбе облыстарынан оқуға түскен студенттер бар.

fb04a1f5 9dd5 465f bda3 c0f72cf25f42

Алғаш болып сөз алған университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Идрисов Саламат сөз алды.

– Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – еліміздің батыс өңіріндегі, жетпіс жылдан астам тарихы бар іргелі, мақтаулы оқу орындарының бірі. Сол себепті, Сіздердің өмірлік  маңызды қадамда оң таңдау жасағандарыңызға сенімдімін. Өз кезегінде біз  сіздердің алаңсыз, сапалы білім алып, бос уақыттарыңызды тиімді пайдалануларыңыз үшін қолдан келген бар жағдайды жасауға ұмтыламыз. Университетте жатақхана үйлері, кітапхана, дене сауықтыру кешені, медпункт, басқа да күнделікті қажетті орындар бар, интернет қосулы. Ендігі жерде сіздерден талап етілетіні – білім алып, оқу орнының абыройын арттыратын білікті маман, саналы азамат болу. Мерекелеріңіз құтты болсын! Алдарыңыздан ақ күн туғай, – деді Саламат Нұрмұханұлы. 

93b20b5a 9a87 460b a953 cde6f013d666

Сондай-ақ, шара барысында студенттің қоғамдағы статусын айқындайтын төлқұжаты іспетті студенттік билетін тапсыру рәсімі өтті. 

Салтанатты шара елімізге белгілі өнер иелері мен университеттің талантты өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз