Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырауда 1300 адам коронавирусқа тест тапсырған болып шықты

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының тұрғындарына  коронавирусты анықтайтын  1300-ге жуық сынама тест жасалды.

Олардың арасында  29 науқаста ғана коронавирустық инфекция
расталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында  коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 1300-ге жуық ПТР тест жүргізілген.  Оның ішінде қауіпті індетті 29 адамның жұқтырғаны белгілі болды.

Айта кетейік,  Covid-19 дертіне шалдыққандармен жақын байланыста болған барлық тұлғаларға  ПТР сынақтары жүргізіліп, нәтижесінде олардың тесті теріс көрсеткіш көрсетті.

ПТР тесттеріне негізделген диагностика  —  адам ағзасындағы коронавирустық инфекцияны анықтайтын нақты  әдіс болып табылады. Сынама тесті  вирустың  РНҚ фрагменттерін анықтауға негізделген.

http://atr.kz/bez-rubriki/ministratyrauly%d2%9btar%d2%93a-arnap-zha%d2%a3a-telegram-bot-ashyldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button