Жаңалықтар
Атырауда 103 нөміріне қоңырау шалу уақытша тоқтатылды
«Көмек» автоматтандырылған жүйесіндегі ақауларға байланысты «103» пультіне қоңырау шалу уақытша мүмкін емес, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуинкациялар қызметі.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 28 желтоқсан күні таңғы 08:00 ден бастап техникалық ақауларға байланысты «103» нөмірі қоңырау қабылдай алмайды. Қысқа мерзімде жүйенің барлық техникалық кемшіліктері жойылады және «103» қызметі қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.
Атырау облысының тұрғындарынан қалалық телефондар арқылы уақытша хабарласуларыңызды сұраймыз:
95-67-72;
95-67-67;
51-94-64;
30-63-00.