Атырауда 100 отбасыға азық-түлік пакеті таратылды
Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиевтің бастауымен әрі демеуші болуымен қаладағы 100 өткір мұқтаж отбасыға азық-түлік пакеті үлестірілді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
“Іс-шараның мақсаты — жалғыз басты, үй жалдап жүрген, көп балалы, өткір мұқтаж отбасыларына қолдау білдіру. Жастарға ізгілік жолын көрсету. Мәслихаттың халықпен жақындығын білдіру, жұмыс барысына кірмеседе, мұқтаж отбасылардың жағдайларына кіріп, мейірімділік көрсету”,- деді қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылардың бірі, облыстық Мәслихаттың депутаты Нұрлыбек Даралиев.
Облыс орталығында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларға күнделікті тұтынатын аса қажетті азық-түлік түрлері жеткізілді. Әрбір пакетте: күнбағыс майы, шәй, шекер, пияз, картоп, сәбіз, ұн, макарон өнімдері қамтылған.
Нұргүл Насыр