Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілер ұсталды

Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтады.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 сәуірде Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 жылы және 1991 жылы туған аудан тұрғындарының қайығын тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 келі балық тәркіленген. Оның ішінде сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтары болған.

Сонымен қатар, 15 сәуір күні 1990 жылғы қала тұрғынының үйінің ауласында орналасқан сарайды тексеру кезінде тоңазытқыш ішінен салмағы 12 келі болатын бекіре тұқымдас балықтары және 13 келіні құрайтын қара балығы тәркіленді. Тәркіленген балықтар «Жайық Бекіре өсіру» зауытына тапсырылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 339-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық із қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button