Жаңалықтар
АТЫРАУДА 1 САҒАТТА 100-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ
Атом электр станциясының құрылысына қатысты республикалық референдумда облыс орталығындағы №49 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Гүлзада Әйтімбетова бір сағатта 100-ге жуық адам келгенін айтты.
-Таңертеңгі сағат 7-де жұмысын бастаған учаскеде 1658 дауыс беруші бар. Халықтың дауыс беру қарқыны жаман емес. Сонымен қатар, көршілес «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері де қатысуда. Тұрғындар да қалыс қалып жатқан жоқ, — дейді Г.Әйтімбетова.
Бүгін облыста 247 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 100-ге жуық инватакси, 15-ке жуық сурдоаудармашы қызмет көрсетеді.
Өз тілшіміз.