Атыраудағы инватакси қызметі тағы бір көлікпен толықты

IMG 7699 19 11 18 11 23 Жаңалықтар

«Қазақстан Халық Банк» АҚ жанынан құрылған «Халық» қайырымдылық қоры аталмыш банкімен бірлесіп «Инватакси» жаңа әлеуметтік жобасын ұсынды. Ауқымды бастама аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы 20 автокөлік шығарылып, Қазақстанның 20 қаласына таратылуда. Сонын ішіндегі бір автокөлік Атырау қаласына да келді.

IMG_7699-19-11-18-11-23

16 қараша күні Атырау облысының «Қазақстан Халық Банк» АҚ филиалы директорының бірінші орынбасары Марина Ищанова Атырау облысының мүгедектер қоғамдық қорына автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Шағын көлік мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетеді, арбаға таңылғандарға арналған көтерме құралдармен жабдықталған. Бұл жоба «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 95 жылдығына арналған «95 игі іс» эстафетасының аясында жүзеге асырылуда.

Айта кететін жағдай «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Халық» қайырымдылық қорымен біріге отырып Атырау қаласында балаларға арналған шағын ойын алаңын салды. Сонымен қатар, оқу жылы басында жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға оқу құралдарын алып берді.

– Жалпы Атырау облысы бойынша 21 мың мүмкіндігі шектеулі жандар бар ,оның 4 мыңы балалар. Осы «Инватакси» көмегімен ол азаматтар қоғамдық шараларға белсенді араласа алады,– деген үміттеміз деді Марина Ищанова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз