Атырауда тұрғын үйлерге улы газды анықтайтын датчик орнатылуда
Атырау тұрғындарының үйіне улы газды анықтайтын датчик орнатылып жатыр.
Облыстың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы қыркүйектен бері 225 үйге осындай датчик орнатылған.
«Қазір қызметкерлері тұрғын үйлердегi өрттiң алдын алу үшін түсінік жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мақсат – қайғылы оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйiне улы газды анықтайтын құрылғы (датчик) орнатылды. Сондай-ақ, датчиктің инструкциясы көрсетiлдi. Улы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асқан кезде датчик дыбыстық дабыл шығарады. Бұл құрылғы автономды түрде аккумуляторлық батареямен жұмыс істейді. Батареяның жұмыс істеу мерзімі бiр маусымға жетеді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Маган уиге кондырылган жок, акылы мА тегин бе, мугедектерге.