АУЫЗ СУ ДА КЕЛДІ, БАЛАБАҚША ДА ЖӨНДЕЛДІ

2013 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында  ауданымыздағы іргелі елді мекендердің бірінен саналатын Х.Ерғалиев ауылы толықтай дерлік таза ауыз сумен қамтылды. Осы мақсатта бас мердігер мекеме «Астанатехқұрылыс» ЖШС (Алматы қаласы) 146 млн.теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, жалпы ұзындығы 32,6 шақырымды құрайтын су құбырын тартты.

 

Бұдан бөлек, Исатай селосында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілсе, аудан бойынша алты бірдей балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. Есепті мерзімде мұнда жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға да көп көңіл бөлінді. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды жетілдіруге де баса назар аударылды. Биылдан бастап ауданда «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстар басталады.

Сайып келгенде, бұның бәрі де Президенттің сындарлы саясатының, аймақ басшылығының көрсетіп отырған қамқорлығының нышаны деп есептеймін.

Әлібек ДҮЙСЕНОВ,
Исатай аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы.  
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз