Жаңалықтар
Атырау тұрғындары дайын құжаттарды ХҚО-дан үйге алдырта алады
Бұған дейін бұл қызметті тек Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент тұрғындары пайдалана алатын.
Өткен жылдан бері Қазақстан бойынша 8 мыңнан астам құжат клиенттердің үйіне дейін жеткізілді. Құжаттар тізімі үнемі жаңарып отырады және қазір 144 мемлекеттік қызмет бойынша тапсырыс беруге болады.
Сервисті пайдалану үшін:
Құжаты дайын болғанда клиент веб-парақшаға дербес сілтемесі бар SMS-хабарлама алады.
Сілтеме бойынша өтіп, жеткізу мекенжайы туралы деректерді толтыру қажет.
Құжатыңыз 1 жұмыс күні ішінде үйіңізге жетеді, қызмет құны – 970 теңге. Сервис қала шегінде ғана қолжетімді.