Көшбасшы партияның көмегі

1373425947 nur otan Жаңалықтар

Аймақ тұрғыны Рашид Сүлейменов 15 жасында тағдырдың тәлкегіне ұшыраған. Жасөспірімді оқыста от шалып, денесінің бір бөлігі түгелдей күйіп қалған. Ол соның  салдарынан осы күнге дейін жұмысқа орналаса алмай көп қиындықтар көрген. Алайда, күйіктен беті мен қолы тартылып қалған жігітке дәрігерлер мүгедектік санатын беруге мүлде асықпаған.

1373425947_nur-otan

Өткен жылы Рашид Сүлейменов «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына келіп, шарасыз жағдайын баяндады. Көп кешікпей партияның араласуымен оған мүгедектік санаты тағайындалып, еңбекпен қамту мәселесі шешілді. Қазір ол облыс орталығындағы мекемелердің бірінде қызмет етеді.

«Нұр Отан» партиясының арқасында ай сайын мүгедектік зейнетақымды, оған қоса еңбекақымды  аламын. Құрбы-құрдастарыммен қатар жұмыс жасаймын. Өзімнің қоғамның бір мүшесі екенімді сезіндім. Партияға алғысым шексіз»  дейді Рашид Сүлейменов.

Мәлике Қуанышева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз