
ЖаңалықтарҚоғам
АТЫРАУ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРІНДЕ ЕРЕКШЕ ҚҰС ҰШЫП ЖҮР…
Атыраулық құтқарушылар сұңқарды босатты.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.
Атырауда Б.Момышұлы көшесіндегі №7 үйдің подъезіне сұңқар кіріп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келген құтқарушылар оны ұстап алып, бостандыққа жіберді.
Бұл үшін аталған департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел-құтқару жасағының үш қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ