Ноу – хау

ноу хау Жаңалықтар

 «Атырау» жаңа маусымды тағы бір жаңа жобамен бастап отыр. Бұл бастама  арқылы біз қоғамды өзгертуге, экономиканы дамуға бастайтын, яғни, адамзат эволюциясына оң ықпалын тигізетін ғылыми жаңалықтар, инновациялық жобалар туралы баяндайтын боламыз. Тың идея иелері, технологиялық «төңкеріске»  бастайтын жоба авторлары да «Ноу-хаудың» кезекті тақырыбы бола алады. Жоба әсіресе студенттер, ғылыми орта, ізденушілер үшін нұсқау алаңына  айналады  деп  сенеміз.

ноу-хау

«Genetic  test»:

Баланың  болашағын  айқындайды

Баланың болашағын айқындауға көмектесетін «ақылды» аппарат бар дегенге сенесіз бе? Бірден айтайық, ондай аппарат бар және ол өзіміздің Атырауда! «Genetic test» деп аталатын инновациялық өнім баланың ғана емес, кез келген адамның генетикалық кодында жинақталған ақпаратты анықтау жолымен жұмыс істейді.

Аппарат  қалай  жұмыс  істейді?

Өнімнің «құдіретіне» көз жеткізу үшін «ақылды» аппаратқа саусақтың ұшын жақындатсаңыз ғана жетіп жатыр. «Инновациялық өнімде жинақталған соңғы технологиялар – кез келген адамның күшті және әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға, тесттен кішкентай бала өтетін болса,  оның болашақта қай мамандыққа қабілетінің бейім болатындығын, қай салада неғұрлым табысты болатындығын санаулы уақыт ішінде анықтай аласыз. Сонымен бірге аппарат баланың денсаулығына, темпераментіне, психофизиологиялық белгілеріне байланысты диагностика жасайды. Біз Атырауда өткен жылдың қыркүйегінен бастап қана жұмыс істей бастадық. Алғашқы айларда  100-ден астам адам тексеруден өтті және нәтижеге барлығы риза болды» – дейді осы өнімді Атырауға әкеліп, қолданысқа енгізген «Genetic test» компаниясының жергілікті өкілі Руслан Капаков.

Ғылым  не  дейді?

Нақтылық үшін айта кетсек, «Genetic test» дерматоглифика ғылымы негізінде жұмыс істейді. Бұл ғылымның негізі 1852 жылы қаланған. Бастапқыда криминалистикада қолданылған ғылым кейін өмірдің басқа салаларына да кеңінен енді. Мәселен, дерматоглифика спорттық генетикада – спортқа деген тума бейімділікті, медициналық генетикада – жүйке жүйесі ауруларын ертерек анықтау мақсатында қолданылады.

Бас тақырыпқа айналып отырған «ақылды аппараттың» көмегіне жүгіну үшін – саусақ таңбасының ғана таңдалынып алуының да өз себебі бар екен.  Өйткені, саусақ таңбасы, сәби ана жатырында пайда болған кезден бастап-ақ қалыптасатын көрінеді. «Яғни, жүйке жүйесі туралы ақпараттың барлығы саусақ таңбасында жинақталады. Сол себепті де, саусақ таңбасы арқылы орталық жүйке жүйесі мен дерматоглификалық белгілер арасында байланыс орнайды. Бұл бірнеше зерттеулер нәтижесінде дәлелденген факт. Яғни, саусақ таңбасы адамның физикалық, туабітті және психофизиологиялық белгілерін анықтайтын морфофункционалды және генетикалық маркер болып табылады» дейді ғалымдар.

P.S. Қаржы дағдарысы, экологиялық апаттар, әлемдік кеңістікте орын алып жатқан өзге де проблемалармен күрестің негізгі тетігі біздіңше, адам капиталын дамыту арқылы, ғылыми жаңалықтарға жол ашу болып табылады. «Genetic test»  адами капиталды дамытуға арналған бірден-бір фактор. «Ақылды» аппараттың мүмкіндіктерін, әсіресе, ата-аналар жіберіп алмаса екен.

 Руслан Капаков,

«Genetic test» компаниясының жергілікті өкілі:

Менің ойымша, «Genetic test» – болашақтың құралы. Сондықтан да, мұндай аппарат ең алдымен медициналық, білім мекемелеріне керек. Бар жақсысын баласына арнайтын ата-аналар, өзінің өмірін өзгерткісі келетін кез келген адам да осы аппараттың көмегіне жүгіне алады. Себебі, «Genetic test» адамның генетикалық кодында жинақталған ақпараттарды саралау арқылы, дәл, нақты мәлімет беретін Орта Азия құрлығындағы теңдессіз аппарат болып табылады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз