Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы тағайындалды
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен «Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы болып Мансия Сағидоллаева тағайындалды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Мансия Сағидоллаева Сағидоллақызы 1998 жылы 15 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі жоғары.
2020 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін психология мамандығы бойынша, 2022 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтын педагогика және психология мамандығы бойынша тәмамдап, магистр дәрежесін алған.
2020-2021 жылдар аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті “Жастар саясаты департаментінің” маманы.
2021 — 2023 жылдың қараша айына дейін Атырау облысы Білім беру басқармасының “Таланттарды анықтау және қолдау” орталығының әдіскері. 2023 жылдың желтоқсан айынан күні бүгінге дейін “Бағдарлау, ақпараттандыру және жұртшылықпен байланыс” бөлімі басшысы міндетін атқарған.