ПАРТИЯЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: мақсат қандай?

partiya amanat СарапTime

ЕЛ ДАМУЫН ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ – АЛДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТІҢ БІРІ. «AMANAT» ПАРТИЯСЫН ІШКІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ДА ОСЫДАН ТУЫНДАҒАН ҚАДАМ. БІРАҚ ОЛ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛМЕК? ПАРТИЯНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ МЕН ДЕПУТАТТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛЫНДА ЖАСАЛАР НАҚТЫ ЖҰМЫСТАР ҚАНДАЙ? БАСТАЛҒАН ЖОБАЛАР АЯҚСЫЗ ҚАЛМАЙ МА? ОСЫ СЕКІЛДІ МАҢЫЗДЫ САУАЛДАРДЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АРМАН АЗАМАТОВҚА ҚОЙҒАН ЕДІК…

– Арман Серікұлы, жаңа мақсаттар айқындалып, партия атауы өзгергеннен күтер нәтижеміз қандай?

– Еліміз «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы ауқымды жұмысқа кірісті. Заманауи бағыт, жаңашылдық, уақыт талабына жауап беру – алға қойылған негізгі міндеттер. Оны жүзеге асыру үшін жаңа мақсаттардың айқындалуы заңды құбылыс. «Nur Otan» партиясының атауы өзгеріп, жаңа бағытқа бет алуы – аталған межеге жетер жолда жүзеге асырылған қадам. Аманат – қазақ халқы үшін зор мəнге ие ұғым. Оған қиянат жасал[1]майды əрі жүгі де ауыр. Демек жаңа атауға ие болып, «Amanat» деп аталған партияның да миссиясы зор. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап айтқандай, ол – озық ой мен əділдіктің, бірлік пен ілгерілеудің партиясы.

– Ал, жаңғыру ше, басталды ма?

– Иə. Бүгінгі күні партияның транс[1]формациясы басталды. 1 наурызда ке[1]зектен тыс өткен съездің шешімдерін орындау мақсатында партияны модер[1]низациялау бағдарламасы қабылданып, ж а ң ғ ы р т уд а ғ ы 7 б а с ы м д ы л ы қ айқындалды. Ең бірінші – партияның қатарында ынтымақтастықты нығайту жəне қоғамның барлық конструктивті күшін шоғырландыру. Мемлекеттік аппараттың функцияларын қайталамай, идеологиялық жəне кадрлық жұмысқа баса назар аудару – екінші бағыт ретінде белгіленді. Сосын Парламент Мəжілісі жəне Мəслихаттардағы партия фракци[1]яларын қайта жандандыру күн тəртбіне қойылды. Белсенділікті арттырудың бір тетігі – аймақтардағы өзекті əлеуметтік-экономикалық проблемалар[1]ды шешуге араласу. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін жандандыру да басты меженің бірі ретінде айқындалды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қашан да күн тəртібінен түспейді. Жұмысты жетілдіру жолында бұл бағытты да назарда ұстау – алдымыздағы міндеттің бірі. Жас буын қашан да жаңа идеялық мотиватор. Олардың жарқын бастама[1]сын қолдап, потенциалын пайдалану, əлеуметтік-экономикалық бейімдеуге назар аудару мақсатындағы жұмыстар да назарда. Əрине, мақсаттың айқындалуы бөлек мəселе. Ал, нақты межеге жету жолында жұмыстану кешенді жоспарға сай жүргізілетіні анық.

– Айтуыңыз орынды. Ал, нақты қандай шаралар жүзеге аспақ?

– Мəселен, халықпен кері байла[1]ныс жасау құралдарының тиімділігін арттыру мақсатында партияның Қоғамдық кеңестерінің құрылымы қайта жасақталып, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа ауыстырылады. П а р т и я л а с т а р а р а с ы н д а ынтымақтастықты арттыру мақсатында бастауыш ұйымдардың жұмысы күшейтіліп, жарнаның 20%-ын қайтару тəжірибесі арқылы төрағаларды бағалау жүйесі жəне олардың рейтингі енгізіледі. Бұл – ашықтық үшін əрі түпкі қорытындыны бағамдауға мүмкіндік беретін қадам. С о н ы м е н қ а т а р , б а р л ы қ деңгейдегі мəслихаттардағы партия депутаттарының қызметін саралаған рей[1]тинг қорытындылары да партияластарға стимул болатын, белсенділікке ба[1]стайтын тəсіл. Партияның жұмысы туралы жедел ақпарат алу, қоғамдық маңызды мəселелерге байланысты түрлі сауалнамаларға қатысу, өтініш пен ұсыныс-тілектерді қабылдау үшін ар[1]найы партиялық мобильді қосымша іске қосылады. Интернет дамыған заманда қолыңдағы телефон арқылы тікелей бай[1]ланыс орнату мүмкіндігі қарастырылып отырғаны да жаңашылдықтың бірі. Бұдан бөлек, халықты толғандыратын күн тəртібіндегі өзекті мəселелер бойынша ұсыныстар əзірлеу үшін «TALQYLAU» пікірталас алаңқайы құрылады. Бақылауды күшейту мақсатында Жол картасының бөлімдері Бюро мүшелеріне, ал индикаторлар Саяси кеңестің мүшелеріне бекітіледі. Сондай-ақ, мəслихаттардағы фракция мəжілістерінде аймақтық жəне аумақтық филиалдар төрағаларының есептерін тыңдау тəжірибесі жүзеге асады. Осылайша, партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау мақсатында партия Жарғысына өзгерістер енгізіледі.

– Түсінікті. Жоспарлы істер ауқымы кең екен. Енді жаңа жобаларды таныстырып, бұған дейін басталған жобалардың жәй-күйінен хабардар етсеңіз…

– 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы жаңартылып, 2025 жылға дейінгі партияның Сыбайлас же м қ о рл ы қ қ а қ а р с ы і с – қ и м ы л бағдарламасы қайта қаралатын болды. Қазір халықтың әр түрлі тобымен жұмыс атқару мақсатында 6 жоба жүзеге асып жатыр, олар «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра», «Жастар – Отанға!», «Халыққа көмек» деп аталады. Мұны одан әрі жандандыру мақсатында жаңа жобалар іске қосылады. Э к о л о г и я л ы қ о й – с а н а н ы қ а л ы п т а с т ы р у ж ə н е қ о ғ а м д ы қ экомəдениетті дамытуға бағытталған «ТазаLike» жобасы – соның бірі. Ал, қоғамдық көңіл-күйді саралау жəне əлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтауға бағытталған «Əлеумет» жобасынан да күтілер нəтиже көп. Оған қоса, сарапшылар мен белсенді азаматтардың ұсыныстарын жинақтауға арналған «Жаңа Қазақстанға арналған 30 инновациялық идея» жобасы да жүзеге асады.

– Жаңару жастар қанатында да бола ма?

– Əрине, трансформация «Jas Otan» жастар қанатының жұмысына д а қ ат ы с т ы . Ат а л ғ а н б а ғ ы т т ы жетілдіру мақсатында белсенді жас көшбасшыларды қатарға тартуға қарқын берілмек. Жастармен жұмысты одан əрі жандандыру үшін жаңа жобалар іске қосылады. Олар – ауыл жастарының əлеуетін дамытуға бағытталған «Өрлеу», отансүйгіштік мақсатындағы «Қайсар» əскери-патриоттық жəне пар[1]тия қатарындағы креативті жастардың əлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін «Партияның контент-фабрикасы» жо[1]басы.

– Халық үнін еститін партияны қалыптастыру қағидаттары қандай? Бұл бағытта да бастама-ұсыныстарыңыз бар ма?

– Бар. Партия жұмысын жанданды[1]рып, ашықтығын қамтамасыз ету жəне одан əрі жетілдіру мақсатында бірқатар ұсыныстарды жүзеге асырғымыз келеді. Мысалы, партия базасында проблемалық жəне өзекті мəселелерді көтеретін диалог алаңдары жеткілікті. Облыста барлық филиал жанында құрылған Қоғамдық кеңестер түйінді істерді қарастырып, оларды шешудің жолда[1]рын ұсынуда. Осыған орай, аумақтық филиалдар төрағалары-аудан əкімдеріне Қоғамдық кеңестермен тығыз байланыс орнатып, өзекті мəселелерді бірлескен түрде шешу үшін барлық ірі бастауыш ұйымдар жанынан қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бүгінде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері – азаматтардың арыз-шағымы мен ұсыныс-пікірін, қысқасы бұқараның жанайқайын тыңдайтын, билік пен халық арасын жалғастырушы көпір функциясын атқарып отырған бірден-бір орган. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне былтыр 4017 өтініш түсіп, оның 51,2% (2058) оң шешімін тапса, 47,8% (1920) өтінішке түсіндірме берілген. Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлық деңгейдегі әкімдер, депутаттар мен мемлекеттік орган басшылары қабылдаулар жүргізіп келеді. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді мекендерге көшпелі қабылдаулар ұйымдастырып, тұрғындардан түскен əр өтініштің орындалуы туралы ашықтық ор[1]натуды тапсырды. Соған сай лауа[1]зымына қарамастан барлық партия мүшесін, тіпті депутаттар мен жергілікті атқарушы орган басшыларын көшпелі түрде халықпен кездесуді жиі өткізуге, халықтың «үнін» естуге шақырамыз.

– Жаңару аясында партиялық бақылауды күшейту көзделіп отыр. Бұл қалай жүзеге аспақ, нақты меже қандай?

– Партиялық бақылауды күшейту – маңызды мəселе. Партиялық алаңда тұрғындардың өзекті мəселелерін көтеріп, шешу жолдарын талқылап, белгілі бір мемлекеттік мекемеге ұсыныс беру жұмысы аса зор мəнге ие. Басты мақсат – түйткілді мəселенің шешімін табуға ықпалдасу, өтініш берушіні өз мəселесімен өзін қалдырудан аулақ болу. Əрбір шағым-өтінішті – тұрғынның жанайқайы деп қабылдау қажет. Оған қалай көңіл бөлсең, дəл сондай билікке деген сенім қалыптасатын болады. Əр шағымданушы серіктесімізге ай[1]налуы тиіс. Заң аясында оның өтінішін қанағаттандыру мүмкін болмаған жағдайда да, құрғақ сөз, қарапайым сылтаумен шығарып салмай, оны толық тыңдап, барынша түсіндіру қажет. Кей шенеуніктің жауабын тұрғындар түсінбей жататыны да жасырын емес. Осыған байланысты, партиялық бақылау, қоғамдық кеңес сынды ашық алаңдардың жұмысын тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан, əкімдер мен басқарма басшыларынан партия мүшелері-лауазымды тұлғалардың сай[1]лауалды бағдарламасын жүзеге асыру[1]ына сараптама жасап, жауапкершілік таныту сұралады.

– Атырау облысы бойынша партияның Сайлауалды бағдарламасының мониторингі, яғни былтырғы атқарылған жұмыс қорытындысын да айта кетсеңіз…

– Облыста партияның Сайлауалды мiндеттемелерінің орындалуы бойын[1]ша жүйелі мониторинг жасалып отыр. Жылдың қорытындысымен алғанда, өңірде жоспарланған 918 іс-шараның 76,14%-ы немесе 699 шара орындал[1]ды. 196 шара орындау сатысында, 6 шара орындалу үстінде. Ал, 17 шара бірнеше себепке байланысты мерзімінде орындалған жоқ. Мысалы, 5 жағдайда жобалық-сметалық құжаттаманы дай[1]ындау мерзімі созылып, жер телімінің болмауы кешеуілдетуге себепкер бол[1]ды. Құрылыс жұмыстарының созылуы да қолбайлау. Пандемияға байланысты істің сотта қаралуы себепті бекітілген мерзімінен кешікті. Іс-шаралар Атырау қаласында көбірек орындалған, көрсеткіш – 86,32%. Екінші орында Мақат ауда[1]ны – 81,4%. Ең азы Махамбет жəне Қызылқоға аудандарында байқалды.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Гүлжан ƏМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз