
Атырау қаласының әкімі тұрғындар алдында есеп береді
Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 7 ақпан күні сағат 10.00-де «Атырау қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылғы міндеттері туралы» әкімнің халықпен кездесуі өтеді.
Тұрғындардың қала әкіміне қояр сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері үшін қала әкімдігінің ғимаратында, қалалық жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ №1, №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бөлімшері, «Сарайшық» базары ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.
Сонымен қатар, ұсыныс-сұрақтарды қабылдау үшін, akimat_atyrau@atyrau.gov.kz электронды поштасына және Атырау қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы www.atyrau.gov.kz қала әкімінің блог платформасына жолдауға болады.
Қала әкімінің халықпен есепті кездесуінен кейін, жиын өткен орында Атырау қаласы әкімімен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылады.
Atr-Ақпарат