АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ
Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи тұрғындарға арнап әлеуметтік желіде пост жариялады.
— Облыс басшысы Махамбет Жолдасқалиұлының зор сенімімен, Мәслихат депутаттарының қолдауымен Атырау қаласының әкімі болып тағайындалғаныма көп бола қойған жоқ.
Әрине, қай дәуірде де бас болмақ оңай, бастамақ қиын. Сондықтан, бұл – зор жауапкершілік. Бүгінгі күннің талабы да мүлде басқаша екенін жақсы түсінемін. Мен үшін халыққа қызмет етуден асқан мақсат та, міндет те жоқ! Бұл әрқашан өмірлік ұстанымым болып қаларына сенімім кәміл.
Соңғы бес күнде Атырау қаласын көркейту бағытындағы жобалармен мұқият танысып шықтым. Әріптестеріммен бірге биыл атқарылатын жұмыстардың ауқымын да белгіледік. Демалыс күндері Талғайраңдағы жаңа мөлтек ауданның жағдайымен, қаладағы ірі сауда орны – «Дина» базарының қызметімен таныстым. Сондай-ақ, көше тазалығымен айналысатын қарапайым еңбекшілермен кездестім.
Биыл алға қойылған міндеттердің ауқымы кең. Ол жобалардың басталуы мен іске асу барысы туралы Сіздерді тұрақты хабардар етіп отырамыз. Жоспарланған істің басым бөлігі қала тұрғындарының тікелей қатысуын талап етеді. Сондықтан, Сіздерден қолдау күтемін!
Мен конструктивті сынға әрқашан дайынмын. Ол міндетті түрде керек. Әлемнің кез-келген дамыған елінде жергілікті билік өз қызметін қалың бұқараның ескертпелері мен ұсыныс-пікірлеріне сүйене отырып қалыптастырады. Осы ұстанымды Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырамыз.
Қалаға қатысты әлеуметтік желілерге, БАҚ-тарға шыққан әрбір ақпарат тікелей назарымда болады. Сіздердің жазбаларыңыз, ұсыныс-ескертпелеріңіз бен шағым-өтініштеріңізге жауап беруге тырысамын. Жұмыстың қауырттығына байланысты дер кезінде жауап бере алмай жатсам қалалық әкімдіктің және тиісті құрылымдардың мамандары жауапсыз қалдырмайды.
Жолданған әрбір өтініш бойынша мүмкіндігіне қарай оң нәтиже шығаруға жұмыстанамыз деп Сіздерді сендіргім келеді.
Атыраудың болашағы мен әлеуеті өте зор. Сол мүмкіндіктерді ел игілігіне жарату үшін барлық күш-жігерім мен білім-білігімді саламын.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызға құттықтауларыңыз бен тілектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Қуанышты күндеріміз бен бақытты сәттеріміз көп болсын! «Көп біріксе, ел болар» демекші, бірлескен істеріміздің жақсылығында қауышайық! — деп жазды шаһар басшысы өзінің «Фейсбук» парақшасында.
Аман ШАМАР
Еңбегіңіз жемісті болсын. Биылға жоспарда жеке уйлерді канализация жүйесіне қосылады ма.
Жолдарды жөндесениздер Дина базары суға толы жанбыр жауған кезде ,центр мост жолдары шұңқыр.Автобустарғы жургізушілерге қатаң тәртип орнатсаныздар жаксы болар еді бир -биримен жарысып айдайтын болыпты.
Саламатсызба!
Водник тұрғындарына соның ішінде (2 ші көшеден бастап) жаңадан салынған көшелерге көшіп келгенімізге 3 жылдан аса уақыт болсада интернет тартылған жоқ, балаларымыз құрсай мектебіне барып оқиды барып келу бала үшін қиын болып тұр осы мәселерлер де қаралса екен.
Мкр.Атырау 7 өткелі асфальт керек, желді күні свет өшіп қалады, жаз болса судың давлениесі азаяды, сосын Автодром қандай мақсатта тұр
Мейірім інім, өте жауапты қызметке, қиын мезгілде келіп жатырсыз. Еңбегіңіз оң басып, ісіңіз халықтың көңілінен шығуына тілектеспін. Қалаға аз ақша бөлінген жоқ.Біраз жұмыстар жасалды. Бірақ, қала тазалық, инфраструкталардың жұмысы, демалыс орындарының жағдайы( шабылмаған арам шөп, шашылған мусор, жабайы иттер т.б) тұрғысынан азып тұр. Себебі жасалған жұмыстарда сапа болмады, жүйелі қадағалау жоқ, әкімнің жұмысын халық көрмеді, білмеді. Шегі жоқ жұмысыңыздың арасында осыларға баса көңіл бөлсеңіз халық жұмысыңызды біледі, көреді, сезінеді.
Ассалаумағалейкум. Кеңөзек елді мекеніндегі тасқала мөлтек ауланының балаоарына мектем керек. Ауыл балалары 22-ші яғни, Амандосов атындағы орта мектепте үш ауысыммен білім алуда. Сыймағаны қаоа мектептеріне қатынап оқиды. Болашақ жастардың қолында дейміз. Мектепте еркін оқи алмаған оқушыдан қандай болашақ болады. Ауылымызға мектеп керек. Осы ұсынысты жауапсыз қалдырмайды дегег үміттемін. Рахмет.
Баймуханов 48 үйді сносқа жіберу керек
Қаланың ұсқынын алып тұр. Мейірім Қаланың жұмысыңа сәттілік тілейміз.
М.КАЛАУИ БУРЫНГЫ ИНДЕР АУДАНЫНЫН ЭКИМИ БОЛГАН АЗАМАТ.
ОТЕ ТАЛАПШЫЛ,,ЖУМЫСКЕР АЗАМАТ.СОНДЫКТАН АТЫРАУ КАЛАСЫНЫН ЭКИМІ БОЛЫП ТАГАЙЫНДАЛУЫ ОТЕ ОРЫНДЫ БОПТЫ.ЖАНА ЖУМЫСЫНЫЗ КУТТЫ БОЛСЫН.
Біз Томарлы селосы ,Алматы көшесі тұрғындары көшеміз у батпақ,барлық көшеде асфальт бар бізде неге жоқ десек әр түрлі сылтаумен 2015 жылдан бері жол салу мәселесі шешілмей келе жатыр,осы мәселені қолға алып ,биылдан қалмай жол салып беруді зоооор өтінішпен сұраймыз. Алматы көшесі,Томарлы селосы тұрғындары.
Саламатсызба! Мен с.Томарлы тургыны Дауленбаева Бибигуль Алматы кошеси 15 уй кв 6 желтоксан айында кошип келген болатынмын еки баламмен. Еки ай ишинде кормегеним жок кошеде журу мумкин емес кара балшык баламен кулап балшыкта каламыз Балдарым биреуи 7 де екиншиси 2 де сабакка Бир барсак Бир бармаймыз Жедел жардем шакыру киыннын киыны такси еки бастан келмейди. Келип козинизбен коруинизге болады Сизден сурайтынымыз тургындар атынан жол салып беруинизди сураймын. Аяксыз калдырмауынызды отинип сураймыз
Саламатсызба! Мен с.Томарлы тургыны Алматы кошеси желтоксан айында кошип келген болатынмын еки баламмен. Еки ай ишинде кормегеним жок кошеде журу мумкин емес кара балшык баламен кулап балшыкта каламыз Балдарым биреуи 7 де екиншиси 2 де сабакка Бир барсак Бир бармаймыз Жедел жардем шакыру киыннын киыны такси еки бастан келмейди. Келип козинизбен коруинизге болады Сизден сурайтынымыз тургындар атынан жол салып беруинизди сураймын. Аяксыз калдырмауынызды отинип сураймыз