«Мұнайлы астана кубогі» халықаралық турнирі өтті

img 4336 Жаңалықтар

Атырау облысы еркін, әйелдер және жағажай күресі федерациясының ұйымдастыруымен, ересектер арасында грек-рим және еркін күрес түрінен өткен «Мұнайлы астананың кубогы»  халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты іс-шараға Атырау облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, әлемдік додада облыс абыройын асқақтатып жүрген палуандарға алғыс білдірді.

img 4337

– Қадірменді спорт жанкүйерлері! Жетістік пен жаңа бастамалар жылы болған 2023 жылдың аяғында айдынды Атырауда тағы бір спорт мерекесі, тағы бір дүбірлі бас қосудың куәсі болып тұрмыз. Ең алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Бүгін алты мемлекеттің спортшылары «Мұнайлы астана кубогы» үшін бақ сынайды. Турнирдің мақсаты – облыстағы еркін күрес спортын дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы отандық палуандардың спорттық шеберлігін шыңдау, қатысушы елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы ең мықты спортшыларды анықтау. Палуандарға сәттілік тілеймін,- деді М.Мурзиев.

Жарысқа Әзірбайжан, Казақстан, Ресей, Өзбекістан, Дағыстан және Болгария елдерінен 80-ге жуық спортшылар қатысты.

Нәтижесінде 74 келі салмақта 1 орынды Талғат Сырбаз (Қазақстан), 2 орынды Басир Ханиев (Әзірбайжан), 3 орынды Қанат Мұсабеков (Қазақстан) пен Асомиддин Хасанов (Өзбекстан) иеленді. 

77 келі салмақта 1 орын Мақсат Ережеповке (Қазақстан), 2 орын Қаhарман Қисыметовке (Қазақстан), 3 орын Арам Варданян (Өзбекстан) мен Расул Жүніске (Қазақстан) бұйырды. 86 келі салмақта 1 орынды Тахир Ханиев (Әзірбайжан), 2 орынды Болат Сақаев (Қазақстан), 3 орынды Ахмед Усманов (Ресей) пен Малик Шаваев (Ресей) қанжығалады. 87 келі салмақта 1 орын Евгений Поливадовқа (Қазақстан), 2 орын Амир Киповке (Ресей), 3 орын Бекзат Мухамбетов (Қазақстан) пен Айдын Әбілдаға (Қазақстан) бұйырды.

Айта кетейік, Атырау облысынан Мақсат Ережепов, Болат Сақаев, Талғат Сырбаз, Евгений Поливадов қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз