Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарға ШҰҒЫЛ хабарлама жасады

273110605 1539659186416559 9148508244632319809 n Жаңалықтар

Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарға көпірлерге қатысты шұғыл хабарлама жасады.

«Атырау қаласы үшін маңызды объектілер – көпірлер. Қаламыздағы жеті көпірдің жағдайы – қала әкімдігінің күн тәртібінен түскен емес. Көпірлерді күтіп ұстап, уақытылы тазартып, жуып-тазалау – қала әкімідігінің басты назарында екенін айтпасақ та түсінікті.Иә, көпірлерміз қала халқы мен қонақтары үшін тек қана Азия мен Еуропаны жалғайтын нысан емес, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің бір бөлігіне айналғандай. Күніне мыңдаған көліктер өтіп, жүздеген адам жаяу жүреді. Алайда жаңбыр, қар және тағы да басқа табиғи құбылыстар кезінде көпір жабындылары зардап шегеді. Орталық көпір 1965 жылы салынып, тек 1999 жылы ғана күрделі жөндеуден өтіп, 2021 жылы жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Көпір – «Facebook» желісінде талқыланатын басты тақырыпқа айналып, көптеген сын-пікірлер айтылып жатады. Қыс айларында салынған жолдың сапасыз болатындығын түсіну қиын емес.

Сондай-ақ Атырау қаласындағы асфальт зауыттары өз жұмыстарын тек сәуір-май айларында ғана бастайды. Бірақ қала әкімдігі асфальт зауыттарының басшыларына күн жылынған уақытта, яғни наурыз айында жұмыс істеуді ұсынып отыр. Демек қала әкімдігі шұңқырларды бітеу жұмыстарын көктемде бастайды.Сондай-ақ, ешқандай қала жылдың басында қаржы бөліп, жұмысты бастамайды. Бұл – қала әкімдігің қолындағы фактор емес. Өткен жылы да осы мәселені көтерген кезде, барлық желі қолданушылары қала әкімдігіне сын айтқан болатын. Осы кезде көпірді уақытша жауып, күннің суығында бетон құйындысы құйылды. Нәтижесінде, бір аптадан кейін бетон құйындылары бұзыла бастап, атқарылған жұмыстар зая кетті. Сол себепті қазір жөндеуге кіріссек, суықтан бетон қайтадан бұзылып, асфальт қаптамасын су жеп, жұмысымыз далаға зая кетеді. Қала әкімдігі қоғамдық шуды басу үшін бюджет қаржысын желге шашпайды және сапасыз жұмыспен жылы жауып қоймайды.

Бюджет қаржысын үнемдеп, сапалы жұмыс істеу – қала әкімдігің жұмыс істеуінің басты принципі. Биыл қала бойынша 25 мың шаршы метр шұңқырларды бітеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазір мемлекеттік сатып алу жұмыстары басталды. Тіпті, жұмыс жоспарында бекітіліп, наурыз айында күн райы жылы болса жұмыстарды бастап кетуді жоспарлап отырмыз. Әрине, ең алғаш – орталық көпірдің асфальт қаптамасы жөнделетін болады.Сын айтылмай, көш түзелмейді. Сол себепті қаламыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!» делінген хабарламда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз