Атырау қаласының әкімдігі субұрқаққа шомылудың қауіпті екенін ескертеді

351115204 794140802314445 8702086754263764789 n Жаңалықтар

Күн ыстық деп субұрқаққа түсуге болмайды. Себебі, ол адам өміріне қауіпті. Яғни, бұл кез-келген жағдайда тоқ ұру қаупі бар екенін аңғартады.

Субұрқақтар іске қосылғалы бері жанына балалар көп жиналуда. Әдетте, олардың көпшілігі қауіпсіздік ережелерін ескермей, жұмыс істеп тұрған субұрқақта шомылады. Жауапты мамандар үнемі балаларға да, олардың ата-аналарына да суға түсуге болмайтынын және оның қауіпті екенін түсіндіруде.

«Субұрқақтарда жарақат алу қаупі жоғары, өйткені олар қатты материалдардан, көптеген сатылардан, өткелдерден жасалған. Бұл жарақат алу қаупін айтарлықтай арттырады. Осы ретте, электр жүйелері қосылған түрлі құрылғылары бар сұбурқақтарға балаларға түсуге болмайтынын қауіпті екенін қатаң түрде ескертеміз. Сонымен қатар, бүгінгі күні субұрқақтарды бүлдіру фактілері де орын алуына орай қала тұрғындары мен қонақтарын, соның ішінде, балаларды қоғамдық және қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырамыз», – деп хабарлайды Атырау қаласының әкімдігі.

Сондай-ақ, Атырау қаласы әкімдігі 2023 жылдың жазғы кезеңдегі суға шомылу маусымында «Жайық» өзенінің жағасынан жағажайларды ашу мақсатында қауіпсіздік жұмыстарын жүргізуде.

«Құрметті ата аналар, балалардың қауіпсіздігі үшін қараусыз жібермеулеріңіз сұралады. Құтқарушылар әрдайым жаныңызда болмауы мүмкін. Сондықтан жеке бастың сақтығын басты назарда ұстағандарыңыз абзал», – деп ескертеді Атырау қаласының әкімдігі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз