Атырау қаласының экс-әкімі мен лауазымды тұлғаларға сот үкімі оқылды
№2 Атырау қалалық сотында Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаевқа және бірнеше лауазымды тұлғаларға сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz
Бұрынғы әкім 2023 жылдың қараша айында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Кейіннен әкімді үй қамаққа жіберді. Сот үкімінің жариялануына бұрынғы әкімді қолдау үшін қоғам белсенділері мен блогерлер, қала тұрғындары да жиналды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, 2020-2022 жылдар аралығында шенеуніктер рекреациялық аймақтарға (жасыл желектер, парктер, жағажайлар, т.б) жататын жер учаскелерін заңсыз жолмен жекеменшік тұрғын үй құрлысына берген.
Прокурор экс-әкімге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бірақ, сот 3 жылға шартты түрде бас бостандығын айыру жазасын берді.
Сонымен қатар, 32 жастағы қалалық жер қатынастыры бөлімінің бұрынғы бастығы Наурызбек Құмаров 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, әкімдіктің заң бөлімінің басшысы Жігер Ибатуллаұлы мен қалалық сәулет бөлімінің бұрынғы басшысы Ерлан Қабдиновқа шартты түрде 6 жалға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.