
Жаңалықтар
Атырау қаласында мерекеге орай жәрмеңке өтіп жатыр
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне орай азық-түлік және ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Бұл туралы қала әкімдігінің facebook ресми парақшасында жарияланды.
“16 желтоқсан күні сағат 8.00-15.00ге дейін Тұрғындар қалашығы шағын ауданында, «Мұнайшы» стадионының алдында және Сарайшық коммуналдық базарында;
Ал, 17 желтоқсан күні Тұрғындар қалашығы шағын ауданында, «Мұнайшы» стадионының алдында өтеді. Бұл жәрмеңкеде Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады”,- деп жазылған хабарламада.