Жаңалықтар

Атырау қаласында 195 көше жарықтандырылады

Қала бойынша көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 195 көшені жарықтандыру жұмыстары басталды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Көше жарығы желілерінің құрылысын салу және пайдалану» жобасы аясында қаланың 381 көшесін жарықтандыру жоспарланды. Қазіргі таңда аталған жұмыстар СМП 163, Атырау, Мирас, Геолог ықшам аудандарында сондай-ақ, Кеңөзек, Ақсай, Қайыршақты ауылдық округтерінде жүргізілуде. Бүгінде 186 көшеге жарық шамдары орнатылды. Жыл соңына дейін 195 көше жарықтандырылатын болады.

Айта кетейік, 2021-2022 жылдары аталған жоба шеңберінде тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін 206 көше жарықтандырылған болатын. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылы 66 көше, 2022 жылы 140 көше жарықтандырылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button