«Аулардан таза су айдындары» акциясы

20190402191618 29424 Жаңалықтар

Atr.kz/16 тамыз, 2019 жыл. Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бастамасы бойынша 17 тамызда «Аулардан таза су айдындары» экологиялық акциясын өткізу жоспарлануда. Акцияның мақсаты – су айдындарын суда қалдырылған және заңсыз орнатылған ауларды сүзу арқылы тазарту.

Акцияға Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, жергілікті атқарушы органдардың, облыстың орман қорғау мекемелерінің, балық шаруашылығы субъектілерінің, экологиялық ұйымдардың қызметкерлері, белсенділер мен волонтерлер қатысуды жоспарлап отыр.

Синтетикалық аулармен заңсыз балық аулайтын адамдар, табиғат қорғау инспекторлары жақындаған кезде мұндай аулардың қолжетімді және арзан болуына байланысты суға тастай салып, олардан тез құтылады. Су және жағалау маңындағы аумақтар синтетикалық материалдардан жасалған аулармен ластануда, олар ұзақ уақыт бойына шірімейді, оған түскен балық шыға алмай, өліп қалады. Балықтан басқа, ауларға суда жүзетін құстар да ілінсе, шыға алмайды, нәтижесінде су айдындарының санитарлық жай-күйі нашарлайды. Бұл қоршаған табиғи ортаға және су биоресурстарына үлкен зиян келтіреді.

Барлық ниет білдірушілерді  және жанашыр азаматтарды аталған акцияға қатысуға шақырамыз.

Акцияның басталу уақыты 9.00 сағат. Жиналу орны:

  1. Дамбы елді мекені  Көк-арна 63. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Дамбы инспекция бөлімінің ғимараты (Жауапты: Дамбы инспекциясы бөлім басшысы Хабибуллин Е.А. байланыс телефоны: 25-70-23, 8-778-111-53-71)

2.Атырау қаласы, Мечникова өткелі 4. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Атырау инспекциясы бөлімі ғимараты (Жауапты: Атырау инспекциясы бөлім басшысы Амиржанов О. Байланыс телефоны: 29-72-97, 8-775-148-32-44)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз