Жарнама
Жаңалықтар

Атырау қаласына кіреберіс жол жабылды

Өр суы қарқынының күшеюіне байланысты Атырау қаласына кіреберіс тұста «Атырау – Индер» тас жолында көліктің барлық түрі үшін қатынас тоқтатылды. Бұл туралы облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін Махамбет — Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы – «Атырау – Астрахан» трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар.

Айта кету керек, «Атырау — Орал» тас жолының 71 шақырымы және Сарайшық ауылының тұсы көлік қатынасы үшін жабық.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button