Жарнама
Жаңалықтар

Алға ауылында қолдан тоқылған аяқ киімдер шығарыла бастады

Жанаргүл Аманғалиева — Махамбет ауданы Алға ауылдық округінің тұрғыны. Ол аяқ-киім тоқу кәсібін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 1 380 000 теңге грант ұтып алып, бастаған. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Тігін тігуді бала күнімде анамнан үйрендім. Қолымнан ешқашан ине-жібім түскен емес. Бастапқыда аяқ киім тігумен тек хобби ретінде айналысып, ағайын-туманың тапсырысын ғана орындап жүрдім. Кейін мемлекеттен қайтарымсыз грант берілетінін естідім де, осы қызығушылығымды кәсіпке айналдырсам деген ой келді. Аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандарына, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып кеңес алып, бизнес-жоспар жасап, қайтарымсыз қаржыға қол жеткіздім. Тігін мәшинесі сынды тағы басқа құрал-жабдықтарымды алып, үйдің ішінен шағын шеберхана аштым. Аяқ киімнің өзіне арналған жібі, сыртқа, ішке киюге арналған табанын тапсырыспен алдырамын. Сапалы жіптер біздің базарда табылмаған соң, Ираннан, Түркиядан сатып аламын, — деді кәсіпкер Жанаргүл Аманғалиева.

Шебердің келіні де өзі секілді қолөнерге жақын жан. Үйден көрпе тігіп, ою ойып, тапсырыс қабылдайды. Бір күнде 2-3 аяқ киім дайындап, 5000 теңгеден сатып отырған шебер енді балаларға арналған және жабық үлгідегі аяқ киімдерді тоқуға көшемін деп отыр. Ал бұл аяқ киімнің дүкендегі сүйретпелерден артықшылығы аяқты терлетпейді, иіс шығармайды, жуып қайта кисе де өңін бұзбайды. Оған қоса жеңіл, ыңғайлы, бағасы да қолжетімді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button