Атырауда сулы да нулы жерлер қу тақырға айналған…

1907312001212671f Жаңалықтар

Atr.kz/1 тамыз, 2019 жыл. Сенаторлар Жайық өзені айдынының экожүйесін сақтау жөніндегі семинарға қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев, Ерболат Мұқаев және Сәрсенбай Еңсегенов Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында «Жайық өзені бассейнінің экологиясын сақтаудың бірлескен институттық жəне экономикалық тетіктері бойынша ұсыныстар дайындау жəне халықаралық тəжірибелерді зерттеу мəселелері» атты семинарға қатысты.

Парламент Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев өз сөзінде Атырау облысындағы суға қатысты күрделі жағдайды ерекше атап өтті.

«Атырау облысында 600 мыңнан астам тұрғын бар, дегенмен онда жерасты су көзі жоқ, кейбір елді мекендерде суды сағат бойынша береді. Мұндай жағдайда тіпті ауыл шаруашылығы туралы айту мүмкін емес. Онда орманның 30 пайызы қурап қалды, 5-6 метр тереңдікке дейін қазғанда су көріне бастайды, ағаш тамыры 2-3 метр тереңдіктен ылғал алады.

190731200151065e

Су жайылып кететін шалғындар тақырға айналды. Балықтың уылдырық шашатын 134 орны болған, қазір тек 10-ы ғана қалды. Жайық сағасы мен Каспийдің көпшілік жерінің тайыздығы 30 сантиметрге жетті. Бір кездері Жайық кеме жүзетін өзен болды, ал қазір жаяулап кешіп өтетін халге келдік», – деді Ғұмар Дүйсембаев.

Жайықтың Ресей аумағындағы жағдайы да оңып тұрған жоқ. Орынбордан келген ресейлік делегацияның өкілдері қала аумағындағы Жайық лайланып, балдыр басып бара жатқанын айтты. Ресейлік экологтардың дерегінше, өзеннің деңгейі жыл сайын төмендеп барады.

Семинар соңында «Біздің Жайық – наш Урал» қоғамдық экологиялық бірлестігі мен «Ресей экологиялық қоғамы» табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі жалпыресейлік қоғамдық ұйымы арасында табиғатты қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойылды.

1907312001212672f
1907312001212670f
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз