Геннадий Головкин: «Ұлттық құрама командада ел намысын қорғау – мен үшін үлкен мәртебе болар еді»

    Кәсіби бокстан кетпес едім. Өйткені, әуесқой бокс пен кәсіби бокстың арасында айырмашылық көп. Десе де егер, маған ұлттық құрама команда аясында жұдырықтасуға мүмкіндік берілсе, әрине мен оған барар едім. Өйткені, еліміздің ұлттық құрама командасы атынан шығып, Қазақстанның намысын қорғау, мен үшін үлкен мәртебе болар еді. Бірақ, мұны мен шешпеймін. Оны шешетін белгілі бір құрылым, заңдылықтар бар» деді даңқты боксшы Геннадий Головкин Атырауға сапар барысында болып өткен журналистермен кездесуде Сондай-ақ, ол бүгінде спортпен шұғылданғысы келетін барлық ауыл, қала балалары үшін жағдайдың толық жасалғандығын атап өтті. «Қолдау бар. Облыстарда мамандар да бар. Керемет спортшы, бапкерлеріміз де жүр. Бастысы, алға мақсат қойып, оған жету жолында толассыз тер төгу керек» деді боксшы.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз