Жарнама
Жаңалықтар

Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Мейіржан Мұқасов тағайындалды.

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мейіржан Жолдасұлы 1994 жылы Атырау облысында туған. 2013 жылы «Атырау аграрлы-техникалық колледжін» бітіріп, техник мамандығын, 2016 жылы «Атырау мұнай және газ институтын» аяқтап, қызмет көрсету саласының бакалаврын, 2018 жылы «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінен» құқықтану бакалавр мамандығын, 2022 жылы Мәскеу экономикалық институтын бітіріп, экономика мамандығын алған. Сонымен қатар, мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

Еңбек жолын 2013 жылы Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы болып бастаған. 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Әр жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы лауазымында, осы бөлімде мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары лауазымында, қалалық қаржы бөлімінің басшысы, Атырау облыстық қаржы басқармасының басшысы, Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. Бүгінге дейін облыс әкімінің кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button