Айда өскен өсімдік

eldi elen etkizgen Жаңалықтар

Айдың арғы бетінде тіршілік бар ма? Егер тіршілік болмаса, өсімдіктің  өсуі мүмкін бе? Жақында әлем баспасөзі  жаһан жұртшылығын елең еткізген жаңалықты жарыса жария етті.

елді елен еткизген

Жыл басында Қытай  «Чанъэ-4» автоматтандырылған ғарыш кемесін Айдың арғы бетіне ұшырды. Ғарыш аппараты діттеген нүктеге 3 қаңтарда Қытайдың уақытымен 10:26-да қоныпты. Бұл апппаратты Айдағы қоршаған ортаны, оның үстіңгі қабатын, топырағын зерттеуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтармен жабдықтапты. Сөйтіп, қытайлық ғалымдар адамзат тарихында тұңғыш рет Айдың арғы бетінде  биологиялық тәжірибе жасауға кірісті. Әрине, Айда биологиялық тәжірибені жүргізу оңай емес. Осы мақсатта Айға мақта, рапс, картоп, ақшешек, ашытқы тұқымы және жеміс шыбынының жұмыртқасы жеткізіліпті.

Айда

Жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары «Айдың бізге көрінбейтін арғы жағында өсімдік өсіп  жатыр» деп жазды. Мәселен, cctv.com. ақпаратына сүйенсек, бұл –қоршаған ортаның қиын жағдайында, яғни қатты гравитация, күшті радиация мен Айдағы жоғары температурада тәжірибеден өткізілген тұқымның алғашқысы.  Тіпті кейбір басылымдар айдың арғы бетінен түсірілген суреттерді жирялады.

Айда-1

Осылайша, Қытай ғалымдары Айда биологиялық тәжірибе жүргізіп, әлемді елең еткізіп отыр. Келешекте Айдың арғы бетінде жасыл желеке айналар өзге де өсімдіктер өсіріле ме? Ал, Айда бүршік жарған өсімдіктің «өмірі» ұзақ бола ма, жоқ па, мұны уақыт көрсетеді. Өйткені, ғалымдар әлі де биологиялық үлгілерді  қадағалап отыр. Осындай жаңалық ашқан Қытай 2030 жылға дейін Ресей мен АҚШ-ты басып  озып, әлемдегі  жетекші  ғарыш державасының бірі болуды көзделуде.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз