Атырау қалалық әкімдігі жұртшылықтан не үшін кешірім сұрады?
Atr.kz/10 ақпан, 2020 жыл. Жайық өзенінің ақпанда еруі 30 жылдан кейін қайталанды.
⠀
⠀⠀»Жайық өзенінің еріп, қайтадан мұзға айналуы қаланың бірнеше ықшам аудандарында су берілуін тоқтатты» деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз — қызметі.
⠀
⠀⠀Ақпан айындағы ауа райының күрт жылып Жайық өзенінің мұзы еріп, бір түнде қайта қатуы салдарынан өзен суы ұсақ мұзға толып, су сорғы станциясының су сору қысымы төмендеді. Салдарынан қала бойынша көптеген ықшам аудандарда су беру тоқтатылды.
⠀
⠀⠀РМК «ҚазГидромет» мамандарының мәліметінше, Жайық өзеніндегі мұздың еруі осыдан 30 жыл бұрын яғни 1990 жылы ақпанда орын алды деп хабарлаған болатын.
⠀
⠀⠀Қаланың бірнеше ықшам аудандарында судың болмауының тағы бір факторы бұл қатты желдің әсерінен өзен деңгейінің төмендеуі болып отыр.
⠀
⠀⠀Қазіргі таңда қала бойынша су беру жұмыстары қалпына келтірілді.
Атырау қалалық әкімдігі қала тұрғындарынан қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.