Жарнама
Жаңалықтар

Атырау–Орал теміржол көпірінің бір бөлігі уақытша жабылады

Атырау қаласында орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Атырау–Орал бағытындағы теміржол көпірінің бір жақ бөлігінің жабылатыны хабарланды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жөндеу жұмыстары бүгін, 3 қыркүйекте сағат 20:00-де басталады. Осы уақыттан бастап көпірдің бір жолағы уақытша жабылып, көлік қозғалысы бағдаршам арқылы реттеледі.

-Жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайсыздықтарды азайту мақсатында ірі жүк көліктерінің жүргізушілеріне Атырау–Индер бағыты арқылы айналып өтуге кеңес беріледі, — делінген баспасөз хабарламасында.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button