prorpopopop

«Сасық сайдан» қашан құтыламыз?

Жаңалықтар СарапTime Экология

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындардың өндірістік қуаты артқан сайын, олардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері көбейеді.

Атмосфералық ауада күкіртсутегінің жағымсыз иісінің сезілуі, қаладағы кәріздік су тазарту жүйелерінің қалыпты жұмыс істемеуі, шаһардың екі жақ бөлігіндегі булану алаңдары мен салынғанына қырық жылдан асқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының қанағаттанғысыз жағдайда қалуы өзекті проблемалардың әлі де болса оң шешімін таппай отырғандығын айқындайды. Сондықтан да Президенттің Жолдауында экологиялық мәселелерге ерекше маңыз берілді.

 Табиғи ресурстар және табиғат пай­далануды реттеу жөніндегі облыстық б а с қ а р м а б а с ш ы с ы Қ а д ы р ж а н Арыст анның айтуынша, Атырау қаласының сол жақ бөлігінде салынып жатқан кәріздік-тазарту ғимаратының құрылысын биыл пайдалануға беру көзделуде. Оның жобалық құны 9,9 млрд. теңгені құрайды. Сол сияқты, шаһардың оң жақ бөлігінде орналасқан осын­дай ғимаратты жаңғыртудың жобалау- сметалық құжаттамалары жасақталып, сараптамаға жіберілді.

– Әу баста оның жалпы құны 21,4 млрд. теңгеге бағаланған болатын. Алайда, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жасаған ескертпеге сәйкес, несие­леу шартына байланысты бұл соманың 12 млрд. теңгеден аспауы қажет екені нақтыланды. Сондықтан, құжаттар қайта қаралып, екі бөлек жоба түрінде әзірленді, – деді басқарма басшысы.

Қаланың сол жақ бетіндегі, ел аузында «Сасық сай» аталып кет­кен кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Әкімдіктің теңгеріміндегі 476,2 гек­т а р аум а қ қ а жо б а л ау – с м е т а л ы қ құжаттамалары (құны 193,2 млн. теңге) жасақталды. Ал, Атырау мұнай өңдеу зауыты «TAZALYQ» жобасын қолға алды. Ол өндіріс орнының иелігіндегі 860 гектар аумақты қалпына келтіруді, кәсіпорыннан шығатын кәріздік су­ларды тазартуды, қондырғыларды жаңғыртуды мақсат етеді. Күні бүгінде, механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту жобасына қатысты жасалған с арапт аманың оң қорытындысы алынып отыр. Биологиялық тазар­ту қондырғыларын жаңғырту және булану алаңын қалпына келтіру жо­балары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Зауыт басшылығы мен облыс әкімдігі арасында жасақталған Меморандум шеңберінде бұл жоба бой­ынша жоспарланған жұмыстарды 2022 жылдың соңына дейін бітіру межелен­ген.

Атырау қаласының оң жақ бөлігіндегі «Квадрат» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтірудің жобалау- сметалық құжаттамалары да жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алын­ды. Жұмыстың жалпы құны 8,02 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, өзеннің сол жақ бетінен қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигон салуға мердігер мекеме – «Промэкология» ЖШС-нің ұсынысымен қажетті жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда. Оң жақ жағалаудан осындай полигон құрылысын жүргізуге инвестор іздестірілуде. Бұл нысандардың құрылыстары аяқталғаннан кейін қолданыстағы полигонды қалпына келтіру шаралары қолға алынады. Құны 1,6 млрд. теңгеге бағаланған бұл жұмысқа қатысты да жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, сараптама­дан өткізілді.

Кодексті жаңартқаннан жағдай жақсара ма?

Қазіргі уақытта облыс аумағында ауа райын тұрақты түрде бақылайтын 4 5 с т а н с а б а р . О н ы ң 2 8 – і о б ­лыс орталығында, 17-сі аудандар­да орналасқан. Атап айтқанда, бұл стансалардың бесеуі «КазГидроМет» РМК Атырау облыстық филиалының, 12-сі «Теңізшевройл» ЖШС-нің, 20-сы НКОК компаниясының, төртеуі Атырау мұнай өңдеу зауытының теңгеріміне берілген. Дегенмен, деректер серверге белгілі бір уақыттан кейін (2 сағаттан 1 тәулікке дейін) түсетін болғандықтан, олар өзектілігін жоғалтады. Соның сал­дарынан, газ шығарындылары шекті мөлшерден асып кеткен жағдайларда, орын алған дәйектерге қатысты дер мезгілінде шаралар қабылдау мүмкіндігі болмай қалып жатады.

Ат м о с ф е р а л ы қ ауа с ап а с ы н а онлайн режимде мониторинг жа­сау жұмыстарын ре спубликалық бюджеттен қаржыландырылатын «КазГидроМет» РМК-ының Атырау облысы бойынша филиалы атқарып отыр. Жергілікті бюджет есебінен бұл жүйені қайтадан құрудың мүмкіндігі болмай тұр.

Аталған мәселе осыдан үш жыл бұрын Атырауда өткен Парламент Мәжілісінің экология және табиғат пай­далану мәселелері комитетінің көшпелі отырысында қозғалған болатын. Сонда аймақ басшылығы атынан Энергетика министрлігіне жаңа Экологиялық ко­декс жобасына I санаттағы табиғат пайдаланушылардың өздерінің табиғат қорғау іс-шараларының жоспарын жергілікті атқарушы органдармен келісімдеу туралы ұсыныс жолданды. Сонымен қатар, тұрғындарға нақты экологиялық ақпаратты жеткізу үшін атмосфералық ауа сапасына онлайн мониторинг жүйесін құру жобаларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және цифрландыру жобалары шеңберінде қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру жайы қозғалды. Өкінішке қарай, бұл мәселелер де шешімін таппастан, аяқсыз қалды.

Бүгінде Парламент Мәжілісінде жаңа экологиялық кодекстің жобасы талқыланып жатыр. Мұнда мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындардың ауаға тарайтын лас шығарындыларының тұрақты көздеріне сезімтал датчиктер орнатып, алынған мәліметтерді онлайн режимде қоршаған орта саласындағы уәкілетті органға беріп отыруды міндеттейтін ереже енгізу көзделген. Ол қабылданған жағдайда, өңірдің экологиялық ахуалының жақсаруына оң ықпал ететіндігі даусыз. Кодекстің 57-2 бабында атап көрсетілгендей, бұдан былай табиғат қорғау төңірегіндегі қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібін қоршаған орта саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Қолданыстағы кодекс ережелеріне назар аударсақ, І санаттағы табиғат пайдаланушылар өз теңгеріміндегі нысандарға қатысты эмиссияны (рұқсат) тікелей экология департаментінен ала­ды. Тиісінше, олар кәсіпорын бойын­ша жасақталған табиғат қорғау іс- шараларының жоспарын сол уәкілетті органмен ғана келісу арқылы бекітеді. Ал, жергілікті атқарушы органдар табиғатты пайдалануға рұқсатты II, III, IV санаттағы нысандарға ғана бе­руге құқылы. Яғни, бұлар қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жүзеге асырылатын іс-шараларды осы орган­дармен келісу арқылы белгілейді. Сол себепті, жергілікті атқарушы органдар өз тарапынан I санаттағы ірі табиғат пайдаланушылардың жоспарларына өңірде қалыптасқан экологиялық аху­алды жақсартуды көздейтін ұсыныс- пікірлерін енгізе алмайды. Жаңадан қабылданатын құжатта осы жақтары ескерілгені жөн.

Қаржы бар, қарекет қандай?

Атырау облысы бойынша экология департаментінің мәліметтеріне қарағанда, соңғы үш жылда қоршаған ортаға эмиссия төлемдерінен жергілікті бюджетке 32,9 млрд. теңге, ал, табиғат пайдаланушыларға салынған айыппұлдан (республикалық бюджетке) 2019 жылдың өзінде 41,2 млрд. теңге түсім түскен. Табиғат қорғау шара­ларына жұмсалған қаржы мөлшері 2017 жылғы 3,0 млрд. теңгеден 2018 жылы 6,9 млрд., ал, 2019 жылы 10,3 млрд. теңгеге дейін артты. Сөйтіп, үш жылда бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге өсті.

Биылдың өзінде осы мақсатқа 10,4 млрд. теңге қаражат бағыттау жоспарланған. Оның үстіне, осы салаға жауапты мемлекеттік құрылымдар – Экология департаменті мен Табиғи ре­сурстар және табиғат қорғауды рет­теу басқармасының сапалық құрамы мен материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсартылды. Осының өзінен-ақ, жылдан-жылға табиғатты қорғауға қаржылай қолдау көрсеткішінің қаншалықты көтерілгенін айқын аңғаруға болады. Әңгіменің түйіні, жұмсалған қомақты қаржының қайтарымына, тиімділігіне, берілген мүмкіндіктің ұтымды пайдаланылуына тіреледі.

Дәулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған