«Atyrau Oil & Gas» көрмесі өтеді

2021 03 17 a318ed21 87f3 437c b059 ce1cce7d7021 Жаңалықтар

6-8 сәуірде Атырауда «Атырау мұнай және газ» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі өтеді – бұл Атырау облысындағы  дәстүрлі және көп күткен жаңалығы болатын. Ол жыл сайын сала көшбасшыларын, жетекші компанияларды біріктіреді, сонымен қатар кәсібін жаңадан бастағандар үшін тиімді бастамаға айналуда.

Сонымен қатар, «Atyrau Oil&Gas» – өнімді салалық нетворкинг алаңы болып табылады және барлық нарық қатысушыларына көрмеге қатысушылардың өнімдерімен, қызметтерімен танысуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,  көрмеде жетекші компаниялардың семинарлары өткізілуде. Осылайша, үш күн ішінде көрме қатысушылары мен қонақтары Теңізшевройл, NCOC, Каспий құбыр консорциумы-К, КМГ Инжиниринг, Rosen Europe, AYACOM, APEC Training Centre ЖШС семинарларына қатыса алады.

Биылғы жылы Atyrau Oil&Gas көрмесінде Беларусь, Қазақстан, Нидерланды, АҚШ, Ресей және Туркиядан 60-тан астам компания қатысады. Атырау облысын 14 компания таныстырады, қазақстандық қатысушылардың жалпы саны – 45 кәсіпорын. Атырауда алғаш рет ұжымдық экспозицияны Башқұртстан Республикасы мен Ярославль облысы ұсынады.

Көрме Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Kazenergy» қауымдастығының, «KazService» Одағының, Petrocouncil және Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының ресми қолдауымен өтуде.

Атырау мұнай-газдың ресми  серіктестері – Теңізшевройл, Каспий құбыр консорциумы-Қ және AYACOM.

Шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы.

Көрме Әбілқайыр хан даңғылы, 58-де орналасқан   Абай орталығында өтеді.

Atyrau Oil & Gas көрмесінің негізгі іс-шаралары:

6 сәуір, 10.30 – ресми ашылу және VIP тур;

6 сәуір сағат 11.30 – «Атырау облысының мұнай-газ саласын дамыту» пленарлық отырысы,»Абай» орталығының бас конференц залы;

6-8 сәуір, 10.00 – 17.00-компаниялардың семинарлары.

Қосымша ақпарат алу үшін:  +7 771 901 24 24 нөміріне  хабарласыңыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз