Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады

Қазгидромет ел аумағында 13 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында және оңтүстігінде жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі, солтүстігінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

«Маңғыстау, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады.

Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Алматы облысының орталығында, солтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі бар», — деп жазды ведомстводан.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button