Атырау облысының елді мекендерінде электр желілерін салу жұмыстары іске асырылуда
2021 жылдан бастап Атырау облысының елді мекендерінде электр желілерін жаңарту жұмыстары іске асырылуда. Бұл туралы Энергетика жане тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Айдулат Кенжебеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Электр желісі атап айтқанда Береке және Сарыөзек ауылдарында, Махамбет ауданы Махамбет ауылының Мерей жаңа ықшам ауданында және Жалғансай ауылында, Қызылқоға ауданының Кенбай, Жантерек, Мұқыр ауылдарында жүргізіліп отыр. Сондай-ақ Исатай ауданының Томан, Аққыстау ауылдарында, Мақат ауданының Доссор, Мақат кенттерінде, Құрманғазы ауданынының Ақкөл ауылында желілер жаңартылып отыр.
— Бұл бағытта ауқымды жұмыстарды іске асырудамыз. Атап айтсақ, Исатай ауданы Аққыстау ауылында 1,9 шақырым 0,4/10 кВ кабель және әуе желісін жүргізіліп, 2 дана 400кВА-КТПГ орнатылып, қолданысқа берілді.
Сонымен қатар Мақат ауданы Доссор кентінде 1,89 шақырым кабель, әуе желілері, 1 дана 160кВа трасформаторлық подстанция орнатылса, №402 ПМС бекетінде 10,4 шақырым кабель, әуе желілері, 2 дана 100кВа трасформаторлық подстанция орнатылды. Ал Қызылқоға ауданы Жантерек, Кенбай, Мұқыр ауылдарында 7,4 шақырым кабель, әуе желілері жүргізіліп, 3 дана 100/160кВа трасформаторлық подстанция орнатылды. Аталған жұмыстар «Бейнеу Газ» ЖШС-мен іске асырылып жатыр,- деді А.Кенжебеков.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Мақат кентінде, Исатай ауданының Томан ауылы мен Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында 604 дана электр бағаналары орнатылды. Алайда құрылыс барысында жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты қалған жұмыстар 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында жалғастырылатын болады.