Үлкенді сыйлап, кішіге үлгі болсақ…

IMG 5806 23 01 19 03 23 Білім

Бүгінгі күн – мен үшін тарихи күн. Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Осы жиында Мемлекет басшысы қарттар үйінде қазақтың ата-әжелерінің отырғанына қабырғасы қайысатындығын баса айтты.      

IMG_5806-23-01-19-03-23

«Қазақта мұндай бәле болған жоқ. Әкесін, қартайған шешесін үйінде ұстайтын. Кіші баласын отау иесі деп айтқан. Қазақта баласын жетімдер үйіне беру болған жоқ. Мұндай жетімдер үйі Қазақстанда болмауы керек. Жетім балалар үйіндегі балаларды асырап алу қажет» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысқан осынау үлкен шарада Елбасының қазыналы қариялар мен бұғанасы қатпаған балапандардың тағдыры жайлы айтқанына көңіліміз толқыды.

Кешесіз бүгін жоқ, олай болса, бүгінгі аға буын өкілдерінің атқарған ұлан-ғайыр жұмыстары еленуге тиіс. Қоғам тарапынан егде тартқан аға-апаларымыздың еңбектеріне марапаттар мен алғыстар беріліп отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонау тоқсаныншы жылдары, Тәуелсіздіктің таңсәрі тұсында елімізді қиын өткелдерден аман-есен алып шыққан да – осы ардагерлер. Сондықтан, ең үлкен құрмет қарияларға бағытталуы тиіс. Өз ата-аналарымызды да құрметтеп, өмір тәжірибелерінен үйрене білгеніміз абзал. Ал, жаңа өскінге келер болсақ, оларға үлгі-өнеге көрсететін – өзіміз. Барлық жақсы ісімізбен бүлдіршіндерді қайырымдылыққа, мейірімділікке баулысақ, ұстаздық еңбегіміздің өтелгені. Оның өзі елдің бізге артқан сенім үдесінен аз да болса шыға алғанымыз дер едім.

Абай ҚАСЫМОВ,

жас ұстаз,

Атырау қаласы.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз