Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мессенджерлерде тараған балаларға қатысты жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

pervye simptomy koronavirusa 29 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, «Атырау қаласы тікұшақпен уланады, осы арқылы балалар ауырады» деген форматта мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат жалған.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мессенджерлерде тараған балаларға келген жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Атыраудың провизорлық стационарларына балалар керуетін əкелу арқылы, əдейі ауру таратылып жатыр» деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеміз» делінген баспасөз хабарламасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз