Әйелдер колониясында концерт өтті (ФОТО)

ЕАС 052 Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 түзету мекемесінде (әйелдер колониясы) Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы өнерпаздарының концерті өтті.

ЕАС 052

– Біздің департаментке қарасты түзеу мекемелері мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен арнайы келісім жасалып, жоспар құрылған. Осы жоспарға сәйкес, облысымыздағы мәдениет ошақтары тоқсан сайын, болмаса арнайы мерекелерде келіп, концерттік бағдарламаларын ұсынады. Бұл, өз кезегінде, түзеу мекемелерінде мәдени-рухани өмірді жақсартуға оң ықпал етеді, – дейді Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ризабек Ғалымжанұлы.

ЕАС 008

Біз де концерт өтіп жатқан залға келгенімізде жақсы көңіл-күйдің, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдердің өнерпаздарды мейірлене тыңдап, қолдап, қошеметтеп отырғандарының куәсі болдық.

ЕАС 019

УГ-157/11 түзеу мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Жандос Ғарифоллаұлының айтуынша, әйелдер колониясында жыл басынан бері осындай 12 шара ұйымдастырылыпты.

ЕАС 047

– Бас бостандығынан айрылғандар жандар үшін жиі келіп, өнерлерімізді ортаға салып тұрамыз. Сотталғандар да – адам ғой. Олар да қоғам өмірінен тыс қалмауы керек. Сондықтан, мұндай шаралар олардың түзелуіне оң ықпал етеді деген ойдамыз, – дейді Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының жас әншісі Алтынай Еңсегенова.

ЕАС 063

Концерт барысында аталмыш өнерпаздар әуелете ән салып, биден шашу шашты.

ЕАС 027

ЕАС 031

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз