200607005354467e

Атырау облысының әкімі түлектерге «Абайдың қара сөздері» туындысын тарту етті

Білім Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ

Аtr.kz/8 маусым, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мектеп бітірген түлектердің бір тобымен кездесіп, оларға «Абайдың қара сөздері» кітабын тарту етті.

Кездесуге Атырау қаласында, аудандар мен ауылдарда тұратын 20-дан астам түлек қатысты. Олардың кейбірі кездесуге онлайн режимде қосылды. Түлектердің көпшілігі – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар, көп балалы отбасынан шыққан, жетім немесе жартылай жетім түлектер. Барлығы да әр салада жетістікке жетіп, облыстық, республикалық, сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар мен түрлі байқауларда жүлделі орыннан көрінген жас дарындар.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов түлектермен емен-жарқын әңгімелесіп, арман-мақсаттарын, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мамандық таңдау мен жоғары білім алудың маңызына қатысты ақыл-кеңесін берді. Түлектер алдағы ҰБТ-ға дайындығы, таңдаған мамандықтары туралы әңгімелеп, қазіргі қоғамдағы мәселелерге орай пікірлерін білдірді.

200607005354467e 1

Әкім мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, олардың ұстаздарына алғысын білдірді. Кездесуді Атырау қаласының Амангелді атындағы орта мектебінің түлегі Айбек Кәрімов Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен түйіндеді. Жүздесуге қатысқан түлектер мен білімді шәкірттер тәрбиелеп, кәсіби бағыттағы жетістіктерімен танылған педагогтарға «Абайдың қара сөздері» кітабы табыс етілді.

Ал, шараға онлайн режимде қатысқан түлектерге бұл сыйлық жеткізіліп беріледі.

«АӨК қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған