Атыраулық полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

1 7 Жаңалықтар

«Оқиға Атырау қаласындағы Нұрсая мөлтек ауданында болған» деп хабарлайды Atr. kz

Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының 102-пультіне Нұрсая мөлтек ауданынан хабарлама келіп түседі. Онда әйел азамат 33 жастағы күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамақшы болып жатқандығы және өзінің дәрменсіз күйде екендігі жөнінде хабарлаған.

«Аумаққа бекітілген учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері барған кезде ер азамат ішімдік ішкен күйінде өз-өзіне қол жұмсамақшы болып жатқан жерінен құтқарылды. Учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізді» делінген Атырау облысы полиция департаментінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында тараған ақпаратта.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз