Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирус құрбандарын құрметпен еске алды (+ВИДЕО)

Atr.kz/13 шілде, 2020 жыл. «Елімізде жарияланған Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты бүгін Атырауда аймақ басшысымен бірге өзге де лауазымды тұлғалар коронавирус құрбандарын құрметпен еске алды» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

Коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу рәсімі жеті жерде өтті. Атап айтқанда, облыс әкімдігі, Атырау қаласы әкімдігі, Атырау облыстық №2 ауруханасы, Атырау облысы полиция департаменті және Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз» компаниялары ғимараттарының алдында болды.

whatsapp image 2020 07 13 at 11.38.56 1
whatsapp image 2020 07 13 at 11.38.55

Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Ресми дерек бойынша, қазіргі кезде ел бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 59 899 адамға жетті. Ауыр дерт 375 адамның өмірін алып кетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button