Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ардагерлердің шаңырағына барды

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ғұмырын облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына арнап, бүгін де қоғамдық істерге араласып келе жатқан бір топ ардагерлердің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.


Олар – ел басына күн туған шақта кеудесін оққа тосып, майданға аттанған Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы атқару комитетінің төрағасы, «Атырау облысының Құрметті азаматы» Айдын АЙБАРОВ, бұрынғы Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы, «Атырау облысының Құрметті азаматы» Есен ТАСҚЫНБАЕВ, соғыс және еңбек ардагері, бұрынғы Мәдениет басқармасының бастығы, «Атырау облысының Құрметті азаматы» Орынғали ҚАРАСАЕВ, бұрынғы Гурьев облыстық Коммунистік партиясының бірінші хатшысы, «Атырау облысының Құрметті азаматы» Оңайбай КӨШЕКОВТІҢ жары, еңбек ардагері Айсұлу Көшекова, жазушы, сазгер, суретші, Қазақстан, Қырғызстан Республикаларына еңбегі сіңген қайраткер, «Атырау облысының Құрметті азаматы» Илья ЖАҚАНОВ және Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы Балықшы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Атырау қаласының Құрметті азаматы» Әлібек ТҮСІБАЛИЕВ.    
Аймақ басшысы елге тұтқа, халыққа қазына болып отырған ардагерлерге жылда мықты денсаулық, шаңырақ шаттығын тіледі. Ардагерлер де өз кезегінде жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

whatsapp image 2020 01 06 at 17.36.21
whatsapp image 2020 01 06 at 17.36.22
whatsapp image 2020 01 06 at 17.36.24

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button