Елбасы шағын несиенің көлемін 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды

5eefdfb4 ed9f 4acb 95b7 a0de291f08b4 Жаңалықтар

Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарға берілетін шағын несиенің көлемін 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Бұл туралы Президент Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында айтты.

5eefdfb4-ed9f-4acb-95b7-a0de291f08b4

«Жалпы сомасы 22 миллиард болады. Нәтижесінде несие алып, өз ісін бастайтын азаматтардың саны екі есеге артып, 14 мыңға жететін болады. Әсіресе, ауылдағы ағайынға. Әр жанұяға, әйел адамдарға беретін болса, биылғы берген несие ендігі жылы қайтып келетін болады. Ондаған адам жұмыс алады. Қазір «Атамекен» жақсы жұмыс істеді, үйретті қалай жұмыс істеу керек екенін, қалай бастау кере екенін, қай жерден несие алу керек екенін, кімге бару керек екенін олар үйренді. Енді бастау үшін қолдарына біраз қаражат керек. Осыған байланысты шағын несие беретін болсақ, біз айтып жүрген «Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін» ұйымдардың өзі жұмыс алуға мүмкіншілік алады, сондықтан 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөлуді тапсырамын, шағын несиенің жалпы сомасы 62 миллиард теңге болады», – деді Назарбаев.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз