Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау облысының әкімі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Atr.kz/8 наурыз, 2020 жыл. Сіздерді көктемнің көрікті мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Қазақ халқы әйел қауымын ежелден ерекше құрметтеген. Оны терең тарихымыздан анық көреміз. Мысалы, өткенімізде рулы жұртқа жол сілтеген, жау қайтарған, ақын, күйші, тіпті тұтас елге үлгі-өнеге болған аналарымыз көп. Баршамыз асыға күтетін ерекше мейрамда ең алдымен аналарымызды ардақтаймыз. Өйткені, адамзат баласы үшін «әлемнің жарығын сыйлаған» жанның орны әрқашан айрықша.

«Ер – елдің иесі болса, әйел – үйдің киесі». Сіздер шаңырақтың береке-бірлігі мен бала тәрбиесін шебер үйлестіретін отбасының алтын қазығысыздар. Сондай- ақ, еліміздің саяси өміріне белсенді ат­салысып, стратегиялық міндеттердің орындалуына да зор үлес қостыңыздар. Сондықтан, бүгінгі барлық жетістіктерімізді с і з д е р с і з е л е с т е т у мүмкін емес. Қызымызды айрықша құрметтеп төрге шығарған халықпыз. Бұл болашақ анаға деген құрметтің белгісі іспетті.

Түн ұйқысын төрт бөліп ұлтымызды ұлықтайтын мемлекетшіл ұрпақтың бесігін тербейтін де – сіздер. Салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетіміз бен тарихымызды ақ сүттеріңізбен балаларымыздың бойына дарытып келесіздер. Сол себепті, ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңізге баға жетпейді. Шексіз махаббаттарыңыз бен төзімдеріңізге және мейірімдеріңізге мың алғыс!

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері әйел-аналарымызға айрықша көңіл бөлініп келе жатқанын да жақсы білесіздер.

Сіздерді бір күн ғана емес, әр күн сайын сыйлауға тиіспіз!

Аяулы да асыл жандар!

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Шаңырақтарыңызға шаттық орнап, құт-береке арылмасын!

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ,

Атырау облысының әкімі

http://atr.kz/bez-rubriki/қajrat-orazbaev-әjel-anamemleketimizdiң-damuyna-өlsheusiz-үles-қosuda/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button