Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау облысының әкімі Елбасы үндеуіне орай ұсыныс білдірді

Atr.kz/21 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Елбасы үндеуін қолдай отырып, мемлекеттік қызметкерлерді республикалық көмек қорына бір күндік жалақысын аударуға шақырды.

«Құрметті жерлестер!Кеше Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елге үндеу жасады. Күрделі кезеңнен ынтымақтаса отырып шығуға шақырды. Осындай сәтте қол ұшын созғысы келетіндер үшін республикалық қор құруды ұсынды. Меніңше, бұл тұтас елді жұмылдыруға да өз пайдасын тигізеді. Атыраулық ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің белсенділік танытып, қолдап жатқаны үшін алғысымды білдіремін. Мен де облысымыздың мемлекеттік қызметкерлерін аталған қорға бір күндік жалақысын аударуға шақырамын. Бұл күндерді де көп болып, ел болып еңсерерімізге сенемін. Халқымыз талай тағдырлы сәттерден бірлігі мен берекесінің арқасында сүрінбей өтіп, дамудың жаңа даңғылына түсіп отырғанын білеміз» деп жазды аймақ басшысы өзінің «Фейсбуктегі» ресми парақшасына.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/ministr-өzine-hat-zhazғan-13-zhasar-қyzғa-ne-dep-zhauap-berdi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button