Атырау облысының әкімі Білім күнімен құттықтады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Білім күнімен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Білім – жылдам өзгеріп жатқан заманауи әлемдегі ең қуатты және аса тиімді құрал». Адам өз ғұмырында қандай биікке қол жеткізсе де, оған апаратын жол дәл осы 1 қыркүйектен бастау алады. Бұл күн өскелең ұрпаққа мектеппен, сүйікті ұстаздарымен, сыныптастарымен жүздесуді білдірсе, ата-аналар қауымына ұстаздардың қажырлы еңбегіне, түсіністік пен төзімі, жігері мен кәсібилік шеберлігі үшін алғыс айтудың тағы бір мүмкіндігі болып табылады. Өңіріміздің бүгінгі ұстаздар армиясына – аса маңызды мамандықтың лайықты жалғастырушыларына өздерінің баға жетпес тәжірибесі мен сарқылмас білімін қалдырған сала ардагерлеріне елдің құрметі шексіз. Бүгінгі күннің басты кейіпкері – күміс қоңырау сыңғырымен білім әлемі табалдырығын алғаш аттаушылар. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығуға жазсын. Биылғы оқу жылының жаңа жетістіктер мен игі істерге толы боларына сенім мол. Білім мен ғылым дәуірінде алар асу мен бағындырар биігіміз көп болсын!», — деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.