
Жаңалықтар
Атырау облысында су тасқыны қаупі күшейді
Биыл 20-25 наурызы аралығында Ақтөбе облысындағы өзен алаптарынан ағып келетін су көлемінің артуына байланысты Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой аудандарындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің көтерілуі болжануда.
Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің “Қазгидромет” РМК Атырау облыстық филиалы хабарлады. Мамандардың мәліметінше, өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық нысандарын және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі бар.
Қазір жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА